Жырларым үлкен бе еді, кіші ме еді,

Өзім туралы

Жырларым үлкен бе еді, кіші ме еді, Ұшырған жүрегімнен құсым еді, Жыр құсым шартарапқа ұшып еді, Деп ойлайм халқым оны т...

Жырларым үлкен бе еді, кіші ме еді,
Ұшырған жүрегімнен құсым еді,
Жыр құсым шартарапқа ұшып еді,
Деп ойлайм халқым оны түсінеді.


Шарықтап, шалқып ұшар көкке ұмтылып,
Лебі бал, жүрегіңе жеткен күліп,
Жыр құсым-жақсылықтың хабаршысы,
Жібергем қанатына көктемді іліп.

Баулып ем, балапаннан баптап бақтым,
Ардақтап мойынына гауһар тақтым.
Ұшырған қайран құсым қайда жетер,
Үстіне қонар ма екен алтын тақтың?!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өзім туралы
Күні 31.05.2026