Беу, жүрегім,
Сырласайық, кел, жүрегім!
Емен едім еріксіз елжіредім,
Иілмеспін ешкімге деп жүр едім,
Елжіреткен еркемсің сен, жүрегім.
Беу, жүрегім,
Өзіңсің ар атасы,
Жақсылықты ғана сен жаратасың.
Өн бойыма от қызу бересің де,
Тамырыма қан айдап таратасың.
Көкірегімде тартулы құндақ бауың,
Сырды ақтарып, келесің жырлап бәрін.
Лүпіл қағып тұрғанда сен кеудемде,
Мүмкін емес екен-ау тіл қатпауың.
Құмарақсың бәрімен үндесуге,
Ұшырар деп қорықтым бір кесірге.
Тентек едің кетер деп теуіп шығып,
Қамап қойдым кеудемнің түрмесінде.
Байтақ өмір, мен соның бүршігімін,
Байланысты өзіңе тіршілігім,
Жараспайды, жүрегім, күрсінуің,
Қойшы, күнім!
Қанеки күлші күнім!
Бір басыңда болған жоқ аздаған сын,
Жырды бекер қаныңмен жазбағансың.
Талай сойқан көрдің ғой, талай сынды,
Талай рет соқпай қала жаздағансың.
Не болады сен бір сәт тоқтай қалсаң,
Тоқтай қалсаң,
Жүрегім, соқпай қалсаң?
Қой, жүрегім, сенің арқаң оттай жансам,
Сенің арқаң жамандықты соттай алсам.
Беу, жүрегім,
Сені ойлап ем елжіредім,
Мен жүдесем әуелі сен жүдедің,
Қиындыққа қарсы ағайық ер, жүрегім,
Қосылып ән салайық, кел жүрегім!
Сырласайық, кел, жүрегім!
Емен едім еріксіз елжіредім,
Иілмеспін ешкімге деп жүр едім,
Елжіреткен еркемсің сен, жүрегім.
Беу, жүрегім,
Өзіңсің ар атасы,
Жақсылықты ғана сен жаратасың.
Өн бойыма от қызу бересің де,
Тамырыма қан айдап таратасың.
Көкірегімде тартулы құндақ бауың,
Сырды ақтарып, келесің жырлап бәрін.
Лүпіл қағып тұрғанда сен кеудемде,
Мүмкін емес екен-ау тіл қатпауың.
Құмарақсың бәрімен үндесуге,
Ұшырар деп қорықтым бір кесірге.
Тентек едің кетер деп теуіп шығып,
Қамап қойдым кеудемнің түрмесінде.
Байтақ өмір, мен соның бүршігімін,
Байланысты өзіңе тіршілігім,
Жараспайды, жүрегім, күрсінуің,
Қойшы, күнім!
Қанеки күлші күнім!
Бір басыңда болған жоқ аздаған сын,
Жырды бекер қаныңмен жазбағансың.
Талай сойқан көрдің ғой, талай сынды,
Талай рет соқпай қала жаздағансың.
Не болады сен бір сәт тоқтай қалсаң,
Тоқтай қалсаң,
Жүрегім, соқпай қалсаң?
Қой, жүрегім, сенің арқаң оттай жансам,
Сенің арқаң жамандықты соттай алсам.
Беу, жүрегім,
Сені ойлап ем елжіредім,
Мен жүдесем әуелі сен жүдедің,
Қиындыққа қарсы ағайық ер, жүрегім,
Қосылып ән салайық, кел жүрегім!