Жырға шын жұрттан артық құмармын ба?
Ақын боп халқыма бұл ұнармын ба?
Өрмелеп даңқ шыңына шығармын ба?
Болмаса жарты жолда құлармын ба?
Білмедім, мен жауабын біле алмадым,
Әйтеуір жыр - мұратым, жыр - арманым.
Жылаулап аттың басын бұра алмадым,
Жырламай тұра алмадым. Тұра алмадым.
Іздедім тиынды емес, қиынды мен,
Егелеп алды түгел миымды өлең.
Бүгінде түзім де өлең, үйім де өлең,
Өмірде күйім де өлең, сыйым да өлең.
Бұл жырмен жастайымнан серік болдым,
Мен оған шыныменен сеніп болдым.
Жанымның жылуы мол қыздыратын,
Дей алмайм халқыма оны беріп болдым.
Ақын боп халқыма бұл ұнармын ба?
Өрмелеп даңқ шыңына шығармын ба?
Болмаса жарты жолда құлармын ба?
Білмедім, мен жауабын біле алмадым,
Әйтеуір жыр - мұратым, жыр - арманым.
Жылаулап аттың басын бұра алмадым,
Жырламай тұра алмадым. Тұра алмадым.
Іздедім тиынды емес, қиынды мен,
Егелеп алды түгел миымды өлең.
Бүгінде түзім де өлең, үйім де өлең,
Өмірде күйім де өлең, сыйым да өлең.
Бұл жырмен жастайымнан серік болдым,
Мен оған шыныменен сеніп болдым.
Жанымның жылуы мол қыздыратын,
Дей алмайм халқыма оны беріп болдым.