Өмірімнің мәні-жыр,

Өзім туралы

Өмірімнің мәні-жыр, Тірлігімнің сәні - жыр. Жастай тапқан жолдас ек, Айналсоқтап әлі жүр. Күтпес кезде жолықтым, Ойды ө...

Өмірімнің мәні-жыр,
Тірлігімнің сәні - жыр.
Жастай тапқан жолдас ек,
Айналсоқтап әлі жүр.

Күтпес кезде жолықтым,
Ойды өлеңмен қорыттым.
Тастап кетер ме екен деп,
Талай -талай қорықтым.

Қайғырған һәм жүдеген,
Күндерімде жүр өлең.
Тәтті үйқыны тілеген,
Түндерімде жүр өлең.

Тиген жерін өртеген,
Дауасы жоқ дерт өлең!
Айтар жерде айтылған,
Мерейлі сөз - мәртебем!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өзім туралы
Күні 31.05.2026