Жыр досым

Өзім туралы

Мың досым бар, бұл менің, мың жолдасым, Айрықша тек ішінде бар бір досым. Шын сырласым, шын досым, шын мұңдасым, Бұл өзі...

Мың досым бар, бұл менің, мың жолдасым,
Айрықша тек ішінде бар бір досым.
Шын сырласым, шын досым, шын мұңдасым,
Бұл өзімнің кәдімгі жыр-жолдасым.

Қырға барсам жанымда жүр жолдасым,
Сырға барсам қалмайды бұл жолдасым.
Айрылуға қимаймын өзім де оны,
Сол жолдаспен әрқашан жол болғасын.

Кішкенеден бірге өскен серік едік,
Бір-біреуге серік боп еріп едік.
Бір-біреуге жан сырын сеніп едік,
Айрылмасқа шын серт беріп едік.

Білмей жүрмін әлде осы содан ба екен,
Шын дос жоқтай көрінер одан бөтен.
Мұңайсам да, шаттанып қуансам да,
Сыр айтқалы әуелі соған жетем.

Мың досым бар, бұл менің, мың жолдасым,
Айрықша тек ішінде бар бір досым.
Шын сырласым, шын досым, шын мұңдасым,
Бұл өзімнің кәдімгі жыр-жолдасым.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өзім туралы
Күні 31.05.2026