Еңбегі шын ақынның ерен болар,
Түйсігі елден ерек терең болар.
Өн бойы тұнып тұрған өлең болар,
Өлеңі кереметтей кемел болар.
Дарыны шын ақынның дара болар,
Санасы салиқалы, сара болар.
Көздері көре-көре кіреукелеу,
Жүрегі сезе-сезе жара болар.
Көңілі шын ақынның ашық болар,
Жаны да сұлулыққа ғашық болар.
Қалтасы қашан көрсең тесік болар,
Қолына түскендерін шашып болар.
Саусағы шын ақынның жауыр болар,
Тағдыры тауқыметті ауыр болар.
Пейілі ағыл-тегіл, құшағы кең,
Адамның бәрі туыс, бауыр болар.
Тілінде шын ақынның балы болар,
Арадай арасында шағып алар.
Құлағы ел мұңына түрік жүрер,
Жадында халқының тек қамы болар.
Туымы шын ақынның жалқы болар,
Серілік серік еткен салты болар.
Пысқырмас атағыңа, даңқыңа олар,
Адалдық ақиқатқа анты болар.
Мінезі шын ақынның қиын болар,
Шарапқа, шатағыңа үйір болар.
Мәрт болмыс, мырза көңіл, жомарт жанды,
Қашан да жүрген жері жиын болар.
Кеудесі шын ақынның ірі болар,
Бойында бадырайған міні болар.
Жаныңа шуақ шашқан нұры болар,
Әйтпесе көп ақынның бірі болар.
Түйсігі елден ерек терең болар.
Өн бойы тұнып тұрған өлең болар,
Өлеңі кереметтей кемел болар.
Дарыны шын ақынның дара болар,
Санасы салиқалы, сара болар.
Көздері көре-көре кіреукелеу,
Жүрегі сезе-сезе жара болар.
Көңілі шын ақынның ашық болар,
Жаны да сұлулыққа ғашық болар.
Қалтасы қашан көрсең тесік болар,
Қолына түскендерін шашып болар.
Саусағы шын ақынның жауыр болар,
Тағдыры тауқыметті ауыр болар.
Пейілі ағыл-тегіл, құшағы кең,
Адамның бәрі туыс, бауыр болар.
Тілінде шын ақынның балы болар,
Арадай арасында шағып алар.
Құлағы ел мұңына түрік жүрер,
Жадында халқының тек қамы болар.
Туымы шын ақынның жалқы болар,
Серілік серік еткен салты болар.
Пысқырмас атағыңа, даңқыңа олар,
Адалдық ақиқатқа анты болар.
Мінезі шын ақынның қиын болар,
Шарапқа, шатағыңа үйір болар.
Мәрт болмыс, мырза көңіл, жомарт жанды,
Қашан да жүрген жері жиын болар.
Кеудесі шын ақынның ірі болар,
Бойында бадырайған міні болар.
Жаныңа шуақ шашқан нұры болар,
Әйтпесе көп ақынның бірі болар.