Өшпейтін өнер депті өлеңді елім,
Өлеңдерім-
Белеңдерім,
Берендерім!
Күтетін үмітім көп сенен менің.
Көңілімді көпке айтып берер дедім,
Сырымды сірә өзгеге сенер ме едім.
Өлеңдерім!
Өрге ұшыраған өрендерім.
Сендерді ойлап еріксіз елеңдедім,
Көнер де едім,
Жыр жазбай көрер де едім,
Айтпаса сөз атасы өлер дедім.
Піспей баста біраз жыл жүріп едің,
Ақыл-ойдың шығарған шырыны едің.
Шыным едің, мұңым ең, сырым едің,
Мен сендерге сондықтан жүгінемін,
Жүрегімді жарып шыққан жырым менің.
Өлеңдерім!
Ретім бар сендерге сенер менің.
Өмірімді шаттыққа бөлер дедім,
Мінезімді елім сенен көрер дедім,
Қандаймын сосын баға берер дедім,
Жасай бер, өлеңдерім-өрендерім!
Өлеңдерім-
Белеңдерім,
Берендерім!
Күтетін үмітім көп сенен менің.
Көңілімді көпке айтып берер дедім,
Сырымды сірә өзгеге сенер ме едім.
Өлеңдерім!
Өрге ұшыраған өрендерім.
Сендерді ойлап еріксіз елеңдедім,
Көнер де едім,
Жыр жазбай көрер де едім,
Айтпаса сөз атасы өлер дедім.
Піспей баста біраз жыл жүріп едің,
Ақыл-ойдың шығарған шырыны едің.
Шыным едің, мұңым ең, сырым едің,
Мен сендерге сондықтан жүгінемін,
Жүрегімді жарып шыққан жырым менің.
Өлеңдерім!
Ретім бар сендерге сенер менің.
Өмірімді шаттыққа бөлер дедім,
Мінезімді елім сенен көрер дедім,
Қандаймын сосын баға берер дедім,
Жасай бер, өлеңдерім-өрендерім!