Жыр додада тартамын кеп көкпары,
Жалғыз мен бе үздік шыққан топтағы.
Атағым жоқ, кітабым жоқ мақтанар,
Медалім жоқ, орденім жоқ, жоқ бәрі.
Жоққа кейде қапа болып жатасың,
Асыл сөзді пүлға қалай сатасың.
Ақша емес, алғыс алдым мен елден,
Медаль емес, халқым берді батасын.
Байлық, атақ мақсат емес өзіме,
Бір тиындай көрінбейді көзіме.
Халқым айтқан жылы-жылы сөзі де,
Татиды ол он орденнің өзіне.
Жалғыз мен бе үздік шыққан топтағы.
Атағым жоқ, кітабым жоқ мақтанар,
Медалім жоқ, орденім жоқ, жоқ бәрі.
Жоққа кейде қапа болып жатасың,
Асыл сөзді пүлға қалай сатасың.
Ақша емес, алғыс алдым мен елден,
Медаль емес, халқым берді батасын.
Байлық, атақ мақсат емес өзіме,
Бір тиындай көрінбейді көзіме.
Халқым айтқан жылы-жылы сөзі де,
Татиды ол он орденнің өзіне.