Күндер өтер арпалысып, ұрынып,
Оны босқа өткермеу де ірілік,
Байламы жоқ, баяны жоқ қу тірлік,
Жан жағыңа қаратпайды бұрылып.
Қоймайды рас қарын қамы, жан қамы,
Дүние де көзді булап алдады.
Қу тірліктің түсіп кетіп ізіне,
Ақырында өкінбесең болғаны.
Арман қуып, елес қуып, жүгіріп,
Жетемін деп келе жатып сүрініп,
Тіршіліктің күйін күйттеп жүргенде,
Ештеңені жарытпассың шын ұғып.
Аз болар ма аңғарымсыз тұстарың,
Жоқты қуып, жаныңды да қыстадың.
Бақытыңның білмей қалып қонғанын,
Аңғарарсың анық оның ұшқанын.
Кеуде керіп жүре бермей төске ұрып,
Ертеңіңді ескере алсаң естілік.
Жүйрік күннің жүгіргенін аңғармай,
Қала көрме өткенін де кеш біліп.
Кезегімен келер-кетер күн-апта,
Ұмтылғанмен жетерсің бе мұратқа?
Өмір осы тыянақ жоқ, тұрақ жоқ,
Өткен күннің сұрауы бар бірақта.
Оны босқа өткермеу де ірілік,
Байламы жоқ, баяны жоқ қу тірлік,
Жан жағыңа қаратпайды бұрылып.
Қоймайды рас қарын қамы, жан қамы,
Дүние де көзді булап алдады.
Қу тірліктің түсіп кетіп ізіне,
Ақырында өкінбесең болғаны.
Арман қуып, елес қуып, жүгіріп,
Жетемін деп келе жатып сүрініп,
Тіршіліктің күйін күйттеп жүргенде,
Ештеңені жарытпассың шын ұғып.
Аз болар ма аңғарымсыз тұстарың,
Жоқты қуып, жаныңды да қыстадың.
Бақытыңның білмей қалып қонғанын,
Аңғарарсың анық оның ұшқанын.
Кеуде керіп жүре бермей төске ұрып,
Ертеңіңді ескере алсаң естілік.
Жүйрік күннің жүгіргенін аңғармай,
Қала көрме өткенін де кеш біліп.
Кезегімен келер-кетер күн-апта,
Ұмтылғанмен жетерсің бе мұратқа?
Өмір осы тыянақ жоқ, тұрақ жоқ,
Өткен күннің сұрауы бар бірақта.