Тірі жүрсең текке күнің өтпейді,

Өмір туралы

Тірі жүрсең текке күнің өтпейді, Қиялыңа нелер келіп кетпейді. Өмір өзі толық емес секілді, Өлең жазсаң бір ауыз сөз жет...

Тірі жүрсең текке күнің өтпейді,
Қиялыңа нелер келіп кетпейді.
Өмір өзі толық емес секілді,
Өлең жазсаң бір ауыз сөз жетпейді.
Шарап ішсең бір жұтым кіл жетпейді.

Талап бар да талант жетпей қинайды,
Ұшам десең қанат жетпей қинайды.
Уақыт сірә жеткен емес ешкімде,
Бақытқа да сәл-ақ жетпей қинайды.
Кілең қинау көңілге кір жинайды.

Ақша, байлық аз ба, әлде көп мейлі,
Бәрібір ол ешқашан да жетпейді.
Арманы жоқ пенде сірә жоқ дейді
Неге адамдар шын шүкірлік етпейді?
Етпейтіні еш ойымнан кетпейді.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026