Қаламақы

Өзім туралы

Тою түгіл жалауға жетпеген пұл, Тиын-тебен аз ғана ептеген бұл. Болмағанмен бумалы көптеген пұл, Жақсы екен еңбегін кетп...

Тою түгіл жалауға жетпеген пұл,
Тиын-тебен аз ғана ептеген бұл.
Болмағанмен бумалы көптеген пұл,
Жақсы екен еңбегін кетпеген құр.

Қаламақы-жыр үшін алар ақың,
Жолын тосып жүреді талай ақын.
Қаламның ол ақысы емес бірақ,
Бұрмаланып кетіп жүр қалай атың.

Алып тұрсаң аздап-ақ арасында,
Көңіл өсіп, марқайып қаласың да...
Қаламақы-емес ол жыр құны да,
Жырдың құны ел берген бағасында.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өзім туралы
Күні 31.05.2026