Өмір деген шешуі жоқ мың сұрақ,
Сол мың сұрақ жүйкемді жүр шымшылап.
Мың сұраққа жауап таба алмадым,
Бұл өмірде көп болғаны-ау тылсым-ақ.
Неге адамдар бірін-бірі күндейді?
Бірін бірі қаралайды, тілдейді.
Адамдарды жылата алған адамдар,
Неге оны жұбатуды білмейді?
Неге адамдар өзін ойлап жүреді?
Қарны үшін қалай өмір сүреді?
Күні ертең күн бітерін біледі,
Сүйте тұра бір-біріне күледі.
Неге адамдар сонша құмар шырынға?
Шырын десе жанын салар шынында.
Неге әділет шықпас таудың шыңында?
Неге әлсіздер мықтылардың ығында?
Шексіз билік тұрса дейсің қолыңда,
Білмеймін бұл бағың ба, әлде сорың ба?
Неге адамдар шайқасады тақ үшін?
Неге адамдар таласады орынға?
Неге адамдар қызмет етпей тік тұрып?
Бітер істі қойсам дейді күттіріп.
Бүкіл жұртты жүрсем дейді ықтырып,
Ықтыру да болғаны ма мықтылық?
Шолақ тірлік құмарың еш қанбайды,
Неге адамдар бірін-бірі алдайды?
Орынымен қуана да алмайды,
Орнымен қайғыра да алмайды.
Заман өзге, білім, ғылым жетілді,
Жемісін жеп жүрміз оның не түрлі.
Арыңнан да малың қалай қымбат бұл?
Ақыл-ойдан ақша неге өтімді?
Жаяуларға пысқырмайды аттысы,
Қайғылыға қарамайды шат кісі.
Неге адамдар ойламайды өмірдің,
Тең екенін ащысы мен тәттісі?
Неге адамдар бірін-бірі өсектеп,
Жүреді кеп сыртынан тек кесектеп.
Тайыз неге тереңмін деп ойлайды,
Аласалар биікпін деп есептеп.
Неге адамдар саф асылын сатады?
Ойлай-ойлай осы маған батады.
Құрып кеткір есіріткіні сатып ап,
Ақылыңды тегін беріп жатады.
Өмір солай мың сан сұрақ силапты,
Соның бәрін шеше алмай ми қатты.
Өзге емес өзі жұмбақ бұл адам,
Бәрінен де осы мені қинап тұр.
Сол мың сұрақ жүйкемді жүр шымшылап.
Мың сұраққа жауап таба алмадым,
Бұл өмірде көп болғаны-ау тылсым-ақ.
Неге адамдар бірін-бірі күндейді?
Бірін бірі қаралайды, тілдейді.
Адамдарды жылата алған адамдар,
Неге оны жұбатуды білмейді?
Неге адамдар өзін ойлап жүреді?
Қарны үшін қалай өмір сүреді?
Күні ертең күн бітерін біледі,
Сүйте тұра бір-біріне күледі.
Неге адамдар сонша құмар шырынға?
Шырын десе жанын салар шынында.
Неге әділет шықпас таудың шыңында?
Неге әлсіздер мықтылардың ығында?
Шексіз билік тұрса дейсің қолыңда,
Білмеймін бұл бағың ба, әлде сорың ба?
Неге адамдар шайқасады тақ үшін?
Неге адамдар таласады орынға?
Неге адамдар қызмет етпей тік тұрып?
Бітер істі қойсам дейді күттіріп.
Бүкіл жұртты жүрсем дейді ықтырып,
Ықтыру да болғаны ма мықтылық?
Шолақ тірлік құмарың еш қанбайды,
Неге адамдар бірін-бірі алдайды?
Орынымен қуана да алмайды,
Орнымен қайғыра да алмайды.
Заман өзге, білім, ғылым жетілді,
Жемісін жеп жүрміз оның не түрлі.
Арыңнан да малың қалай қымбат бұл?
Ақыл-ойдан ақша неге өтімді?
Жаяуларға пысқырмайды аттысы,
Қайғылыға қарамайды шат кісі.
Неге адамдар ойламайды өмірдің,
Тең екенін ащысы мен тәттісі?
Неге адамдар бірін-бірі өсектеп,
Жүреді кеп сыртынан тек кесектеп.
Тайыз неге тереңмін деп ойлайды,
Аласалар биікпін деп есептеп.
Неге адамдар саф асылын сатады?
Ойлай-ойлай осы маған батады.
Құрып кеткір есіріткіні сатып ап,
Ақылыңды тегін беріп жатады.
Өмір солай мың сан сұрақ силапты,
Соның бәрін шеше алмай ми қатты.
Өзге емес өзі жұмбақ бұл адам,
Бәрінен де осы мені қинап тұр.