Жолықтың екен неге сен?

Өмір туралы

Ешкімге ғашық емес ем, Жолықтың маған неге сен? Жөніне жүрген жүрекке, Қададың өткір жебе сен. Жанымның сырын елесең, К...

Ешкімге ғашық емес ем,
Жолықтың маған неге сен?
Жөніне жүрген жүрекке,
Қададың өткір жебе сен.

Жанымның сырын елесең,
Көңілді нұрға бөлесең.
Қолтықтан сүйеп, демесең,
Осынша опық жемес ем.

Асыл ғой деп ем жаны әсем,
Жалт беріп кеттің неге сен?
Жабырқап жүрген жүрекке,
Не десем екен, не десем?!

Көркіңді айға теңесем,
Сөзіңіз жалған деме сен.
Есімнен ешбір шықпайсың,
Өшпейтін неткен елес ең?!

Сезіммен үнсіз кеңесем,
Өзіммен тілсіз егесем.
Сүймесең сүйме, амал не!
Жүрші тек, жаным, сен есен.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026