Өмір деген өткінші ғой, өткінші.
Өткіншіге өкпе артар көп сыншы.
Ертеңінен үміт күткен пендеміз,
Келген күндер шуағын мол төксінші.
Өмір деген өткінші ғой, өткінші,
Көркейгенді көре алмайды көп мінші.
Аяғыңды қалай басар екен деп,
Аңдып жүрген секілденер көп тыңшы.
Өмір деген өткінші ғой өткінші,
Әрбір сәті игілікпен өтсінші.
Өлең-жырға ақтарылдым ағынан,
Айтқан сөзім егесіне жетсінші.
Өмір деген өткінші ғой, өткінші,
Көңіліңнің бола бермес көп тынышы.
Аңсап жүрген арманға да жетерміз,
Алла өзі аман-есен етсінші.
Өмір деген өткінші ғой, өткінші,
Жаратқаным жақсы істерге жексінші.
Жақсылықтың кең жайылып қанаты,
Жамандардың жаны азап шексінші.
Шынында ол өткінші ғой, өткінші,
Өз білгенін айта берсін көп сыншы.
Өмір жайлы ән шырқайық, кел достым,
Қалғанының бәрі құрып кетсінші.
Өткіншіге өкпе артар көп сыншы.
Ертеңінен үміт күткен пендеміз,
Келген күндер шуағын мол төксінші.
Өмір деген өткінші ғой, өткінші,
Көркейгенді көре алмайды көп мінші.
Аяғыңды қалай басар екен деп,
Аңдып жүрген секілденер көп тыңшы.
Өмір деген өткінші ғой өткінші,
Әрбір сәті игілікпен өтсінші.
Өлең-жырға ақтарылдым ағынан,
Айтқан сөзім егесіне жетсінші.
Өмір деген өткінші ғой, өткінші,
Көңіліңнің бола бермес көп тынышы.
Аңсап жүрген арманға да жетерміз,
Алла өзі аман-есен етсінші.
Өмір деген өткінші ғой, өткінші,
Жаратқаным жақсы істерге жексінші.
Жақсылықтың кең жайылып қанаты,
Жамандардың жаны азап шексінші.
Шынында ол өткінші ғой, өткінші,
Өз білгенін айта берсін көп сыншы.
Өмір жайлы ән шырқайық, кел достым,
Қалғанының бәрі құрып кетсінші.