Жоғалтқанын іздеген,
Жолаушымыз біз деген.
Бірен-сараң тапқаным,
Жоғалтқаным жүздеген.
Жүйкеге жүк мол артып,
Даналықтан не таптым?!
Балалықты жоғалтып,
Ағалықтан не таптым?!
Мансап-қызға қол артып,
Жан қинаудан не таптым?!
Қанағатты жоғалтып,
Мал жиғаннан не таптым?!
Құр думанға құмартып,
Көп күлкіден не таптым?!
Күндерімді жоғалтып,
Көп ұйқыдан не таптым?!
Жан тынышым жоғалтып,
Жанталастан не таптым?!
Ескі досты жоғалтып,
Жаңа достан не таптым?!
Ақыл-есті жоғалтып,
Ақ шараптан не таптым?!
Көңіл қошты жоғалтып,
Ақындықтан не таптым?!
Жоғалтқанын іздеген,
Жолаушымыз біз деген.
Бірен-саран тапқаным,
Жоғалтқаным жүздеген.
Жолаушымыз біз деген.
Бірен-сараң тапқаным,
Жоғалтқаным жүздеген.
Жүйкеге жүк мол артып,
Даналықтан не таптым?!
Балалықты жоғалтып,
Ағалықтан не таптым?!
Мансап-қызға қол артып,
Жан қинаудан не таптым?!
Қанағатты жоғалтып,
Мал жиғаннан не таптым?!
Құр думанға құмартып,
Көп күлкіден не таптым?!
Күндерімді жоғалтып,
Көп ұйқыдан не таптым?!
Жан тынышым жоғалтып,
Жанталастан не таптым?!
Ескі досты жоғалтып,
Жаңа достан не таптым?!
Ақыл-есті жоғалтып,
Ақ шараптан не таптым?!
Көңіл қошты жоғалтып,
Ақындықтан не таптым?!
Жоғалтқанын іздеген,
Жолаушымыз біз деген.
Бірен-саран тапқаным,
Жоғалтқаным жүздеген.