Таққа мінбеген,
Құлап түспеген,
Жоққа күлмеген,
Жылап ішпеген.
Сатып халықты,
Мансап қумаған,
Атақ, даңқты,
Аңсап тұрмаған.
Сыйлық тимеген,
Асыл кимеген,
Жасып жүрмеген,
Басын имеген.
Тағдыры өр өңге,
Ұқсайтын еменге,
Тамыры тереңде,
Өмірі өлеңде.
Аялап мұратын,
Асқақ тұратын.
Өмір сүріп жүр,
Осындай бір ақын.
Құлап түспеген,
Жоққа күлмеген,
Жылап ішпеген.
Сатып халықты,
Мансап қумаған,
Атақ, даңқты,
Аңсап тұрмаған.
Сыйлық тимеген,
Асыл кимеген,
Жасып жүрмеген,
Басын имеген.
Тағдыры өр өңге,
Ұқсайтын еменге,
Тамыры тереңде,
Өмірі өлеңде.
Аялап мұратын,
Асқақ тұратын.
Өмір сүріп жүр,
Осындай бір ақын.