Жастық тұрмай сертінде,
Қашты өңі, көркім де.
Қаңғалақтап барамыз,
Қарттықтың еркінде.
Көре-көре тартысты,
Қара шашқа қар түсті.
Жылмаң қаққан жылдарым,
Қағып алды бар тісті.
Мықты-ақ еді туымым,
Қан қойылды, суыдым.
Сырқырайды сүйегім,
Сықырлайды буыным.
Кірбің шалып көңілді,
Жеңілмесім жеңілді.
Тіршіліктің салмағы,
Бүкірейтті белімді.
Кіреукілеу көзім де,
Жұқа жүйке, төзім де.
Өткен күнді көп айтып,
Мылжың болдым өзім де.
Жанды бағып жатамын,
Қырма сақал атамын.
Оқ тигендей шетінен,
Сиреп барад қатарым.
Аяғымда шідерім,
Ауырады жүрегім.
Бірақ әлі өмірден,
Үзілген жоқ күдерім.
Қашты өңі, көркім де.
Қаңғалақтап барамыз,
Қарттықтың еркінде.
Көре-көре тартысты,
Қара шашқа қар түсті.
Жылмаң қаққан жылдарым,
Қағып алды бар тісті.
Мықты-ақ еді туымым,
Қан қойылды, суыдым.
Сырқырайды сүйегім,
Сықырлайды буыным.
Кірбің шалып көңілді,
Жеңілмесім жеңілді.
Тіршіліктің салмағы,
Бүкірейтті белімді.
Кіреукілеу көзім де,
Жұқа жүйке, төзім де.
Өткен күнді көп айтып,
Мылжың болдым өзім де.
Жанды бағып жатамын,
Қырма сақал атамын.
Оқ тигендей шетінен,
Сиреп барад қатарым.
Аяғымда шідерім,
Ауырады жүрегім.
Бірақ әлі өмірден,
Үзілген жоқ күдерім.