Шабытқа жаным бөленген,
Шақтарда өлең өрем мен.
Жақсы жыр жазсам болғаны,
Шаттығын елмен бөлем мен.
Белеңге асып белеңнен,
Өлеңмен өсіп келем мен.
Атасы сөздің өлер деп,
Айтатын жерде бөгелмен.
Орнымды іздеп өнерден,
Азабын жырдың шегем мен.
Өлеңге құмар өзімдей,
Адамдар барын көрем мен.
Өлермен десе, өлермен,
Өмірім бірге өлеңмен.
Айтқанға құлақ аспайтын,
Қалды тек көңіл көп елден.
Шақтарда өлең өрем мен.
Жақсы жыр жазсам болғаны,
Шаттығын елмен бөлем мен.
Белеңге асып белеңнен,
Өлеңмен өсіп келем мен.
Атасы сөздің өлер деп,
Айтатын жерде бөгелмен.
Орнымды іздеп өнерден,
Азабын жырдың шегем мен.
Өлеңге құмар өзімдей,
Адамдар барын көрем мен.
Өлермен десе, өлермен,
Өмірім бірге өлеңмен.
Айтқанға құлақ аспайтын,
Қалды тек көңіл көп елден.