Жазамын, өшіремін, көшіремін,

Ұлттық құндылықтар

Жазамын, өшіремін, көшіремін, Тірлігім шынын айтсам осы менің. Ақындық тозақ та емес, ұжмақ та емес, Жасырам оның сенен ...

Жазамын, өшіремін, көшіремін,
Тірлігім шынын айтсам осы менің.
Ақындық тозақ та емес, ұжмақ та емес,
Жасырам оның сенен несін, елім.

Дейді жұрт айтар жерде сөзім дайын,
Білмеймін, қайдан білем жұрттың жайын.
Шегемін күні-түні өзім уайым,
Тауыстым осы жыр деп көзім майын.

Жыр туса көңілде күн күлімдеді,
Жыр қашса жүрегімді тілімдеді.
Өлуге ақым да жоқ бүгін менің,
Тауыспай бар тәттіні тілімдегі.

Жазамын, өшіремін, көшіремін,
Жете алмай өздеріңе кешігемін.
Жеткеріп айта алмадым ойды түгел,
Бұл мені соның үшін кешір, елім.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Ұлттық құндылықтар
Күні 31.05.2026