Шалқып кетер кемедей,
Шапан киер желегей,
Қулығыңа жаны өгей,
Жамандық жоқ зәредей,
Дастарханы телегей,
Әзілі өткір жебедей,
Қазағым.
Сенгіштігі баладай,
Көргіштігі данадай,
Көнбістігі анадай,
Кеңістігі даладай,
Ақиқатын айтатын,
Бет-жүзіңе қарамай,
Қазағым.
Құда-жекжат қауым бар,
Ағайыншыл, бауырмал,
Он баланы көпсінбес,
Құт қонысы – ауылдар,
Мақтай салсаң мас болып,
Мінін айтсаң ауырлар,
Қазағым.
Қиянатқа бармайтын,
Тура жолдан танбайтын,
Тойдан тіпті қалмайтын,
Қымызыңа қанбайтын,
Ақыл айтсаң алмайтын,
Өзін-өзі алдайтын,
Қазағым.
Кілең әнші, кіл ақын,
Айтысуға шығатын,
Алысқанды жығатын,
Емеуріннен ұғатын,
Уәдесінде тұратын,
Мойымай морт сынатын,
Қазағым.
Шапан киер желегей,
Қулығыңа жаны өгей,
Жамандық жоқ зәредей,
Дастарханы телегей,
Әзілі өткір жебедей,
Қазағым.
Сенгіштігі баладай,
Көргіштігі данадай,
Көнбістігі анадай,
Кеңістігі даладай,
Ақиқатын айтатын,
Бет-жүзіңе қарамай,
Қазағым.
Құда-жекжат қауым бар,
Ағайыншыл, бауырмал,
Он баланы көпсінбес,
Құт қонысы – ауылдар,
Мақтай салсаң мас болып,
Мінін айтсаң ауырлар,
Қазағым.
Қиянатқа бармайтын,
Тура жолдан танбайтын,
Тойдан тіпті қалмайтын,
Қымызыңа қанбайтын,
Ақыл айтсаң алмайтын,
Өзін-өзі алдайтын,
Қазағым.
Кілең әнші, кіл ақын,
Айтысуға шығатын,
Алысқанды жығатын,
Емеуріннен ұғатын,
Уәдесінде тұратын,
Мойымай морт сынатын,
Қазағым.