Бәрі жасанды:
Күлкің жасанды,
Мүлкің жасанды,
Ішің іріген,
Сыртың жасаулы.
Айла жасалды,
Сайтан босанды,
Арың азғындап,
Ақша бас алды.
Бәрі жасанды:
Қоғам жасанды,
Заман жасанды.
Тіпті клондап,
Адам жасалды.
Ару жасанды,
Дәру жасалды.
Құртар жер шарын,
Қару жасалды.
Бәрі жасанды:
Жүрек жасалды,
Бүйрек жасалды.
Дүние, байлыққа,
Құрмет жасалды.
Тұрмыс жасанды,
Түрлі іс жасалды.
Ұят қартайды,
Қылмыс жасарды.
Бәрі жасанды,
Сөзің жасанды,
Көзің жасанды.
Ойың – ойыншық,
Сезім жасанды.
Қасаң тіршілік,
Қатып қасарды.
Шыдар екен бұл,
Төзім қашанғы?!
Күлкің жасанды,
Мүлкің жасанды,
Ішің іріген,
Сыртың жасаулы.
Айла жасалды,
Сайтан босанды,
Арың азғындап,
Ақша бас алды.
Бәрі жасанды:
Қоғам жасанды,
Заман жасанды.
Тіпті клондап,
Адам жасалды.
Ару жасанды,
Дәру жасалды.
Құртар жер шарын,
Қару жасалды.
Бәрі жасанды:
Жүрек жасалды,
Бүйрек жасалды.
Дүние, байлыққа,
Құрмет жасалды.
Тұрмыс жасанды,
Түрлі іс жасалды.
Ұят қартайды,
Қылмыс жасарды.
Бәрі жасанды,
Сөзің жасанды,
Көзің жасанды.
Ойың – ойыншық,
Сезім жасанды.
Қасаң тіршілік,
Қатып қасарды.
Шыдар екен бұл,
Төзім қашанғы?!