Еңбек

Өмір туралы

Тіршілік деген ермек пе? Өмірдің мәні еңбекте. Маңдайдың терін сыпырып, Жеткіздім қолды мен көпке. Білмеймін сірә басқа...

Тіршілік деген ермек пе?
Өмірдің мәні еңбекте.
Маңдайдың терін сыпырып,
Жеткіздім қолды мен көпке.

Білмеймін сірә басқаңды,
Еңбекпен күнім басталды.
Еңбекпен бітті бар ісім,
Еңбекпен алдым асқарды.

Дайындап ісін тосты күн,
Етпедім көңіл қоштығын.
Еңбексіз күнім – бос күнім,
Еңбекті күнім – қош күнім.

Қапсын деп балық қармағын,
Жұмыстан басты алмадым.
Орындалсын деп арманым,
Талпынудан еш танбадым.

Өмірмен тінім өріліп,
Маңдайдан терім төгіліп,
Бітірсем бір іс, дүние,
Тұрады ғажап көрініп.

Еңбексіз тірлік – тұл жетім,
Таппадым тыным күнбе-күн.
Бақытқа жету үшін де,
Барыңды салу міндетің.

Еңбексіз күн жоқ, жан ұқты,
«Әкемді» жұмыс танытты.
Жоғалтып алсам шабытты,
Жолықтырармын табытты.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026