Жас та емеспін, кәрі де емен,
Жан серігім жалын өлең.
Түсінсем деп көп үңілдім,
Тіршіліктің мәніне мен.
Арасында жалған дудың,
Арпалысып арман қудым.
Соқпағында көп адастым,
Өмір атты орман-нудың.
Жатып алып жан бақпадым,
Сан түрлі ойды салмақтадым.
Салт-сананы құрметтедім,
Адамдықты ардақтадым.
Азды-көпті өмір көрдім,
Ар-ұятқа көңіл бөлдім.
Ақылдыға басымды идім,
Азаматқа орын бердім.
Арсыздыққа көнгенім жоқ,
Ақымаққа ергенім жоқ.
Ел перзенті болудан мен,
Еш жамандық көргенім жоқ.
Жан серігім жалын өлең.
Түсінсем деп көп үңілдім,
Тіршіліктің мәніне мен.
Арасында жалған дудың,
Арпалысып арман қудым.
Соқпағында көп адастым,
Өмір атты орман-нудың.
Жатып алып жан бақпадым,
Сан түрлі ойды салмақтадым.
Салт-сананы құрметтедім,
Адамдықты ардақтадым.
Азды-көпті өмір көрдім,
Ар-ұятқа көңіл бөлдім.
Ақылдыға басымды идім,
Азаматқа орын бердім.
Арсыздыққа көнгенім жоқ,
Ақымаққа ергенім жоқ.
Ел перзенті болудан мен,
Еш жамандық көргенім жоқ.