Далам мынау дарақы, далаңдаған,
Заман мынау қарамас адамға адам.
Жұтамын деп жұтынып жаныңда тұр,
Жаһандану жалыны жалаңдаған.
Елім мынау қырық ру, мың бөлінген,
Сенім мынау жалғаны шын көрінген.
Жерім мынау сатылып қалталыға,
Бөліп алған бөлшектеп кім көрінген.
Өмір мынау билікті ақша ап кеткен,
Көңіл мынау көрінген таптап кеткен.
Кенім мынау жатжұрттық еге болып,
Төрім мынау келімсек қаптап кеткен.
Бауыр мынау алса алар, бермейтұғын,
Дауым мынау бітпейтін, өнбейтұғын.
Қалам мынау жөзекше жайлап алған,
Ауыл мынау күн кешер өлмейтұғын.
Тілім мынау, бұзылған, шұбарланған,
Ділім мынау бүлінген, күманданған.
Білім мынау барлы-жоқ құр алданған,
Күнім мынау мұнартқан, мұнарланған.
Арым мынау айныған, азғындаған,
Малым мынау бөлінген, тозғындаған.
Халім мынау дұрысы сөз қылмаған,
Саным мынау көбейіп мәз қылмаған.
Салтым мынау айналған салдауырға,
Халқым мынау сан дінде, сан қауымда.
Қалпым солай болған соң байқамасақ,
Қазақ болып мүмкін-ау қалмауым да.
Заман мынау қарамас адамға адам.
Жұтамын деп жұтынып жаныңда тұр,
Жаһандану жалыны жалаңдаған.
Елім мынау қырық ру, мың бөлінген,
Сенім мынау жалғаны шын көрінген.
Жерім мынау сатылып қалталыға,
Бөліп алған бөлшектеп кім көрінген.
Өмір мынау билікті ақша ап кеткен,
Көңіл мынау көрінген таптап кеткен.
Кенім мынау жатжұрттық еге болып,
Төрім мынау келімсек қаптап кеткен.
Бауыр мынау алса алар, бермейтұғын,
Дауым мынау бітпейтін, өнбейтұғын.
Қалам мынау жөзекше жайлап алған,
Ауыл мынау күн кешер өлмейтұғын.
Тілім мынау, бұзылған, шұбарланған,
Ділім мынау бүлінген, күманданған.
Білім мынау барлы-жоқ құр алданған,
Күнім мынау мұнартқан, мұнарланған.
Арым мынау айныған, азғындаған,
Малым мынау бөлінген, тозғындаған.
Халім мынау дұрысы сөз қылмаған,
Саным мынау көбейіп мәз қылмаған.
Салтым мынау айналған салдауырға,
Халқым мынау сан дінде, сан қауымда.
Қалпым солай болған соң байқамасақ,
Қазақ болып мүмкін-ау қалмауым да.