Жамалың аппақ ай ма еді?
Жанарың жанға жайлы еді.
Жайдары, жарқын қарауың,
Аймалап өтті жай мені.
Ұқсаң ғой сонда күйімді,
Жаныма шуақ құйылды.
Бағасын тілім айта алмас,
Бір бақыт маған бұйырды.
Жайраңдап жүзің жайнадың,
Сезіммен неге ойнадың.
Өмірдің нағыз асылы,
Өзің деп сонда ойладым.
Қарай да қарай қанбадым,
Есімнен солай танғаным.
Алдымнан шыққан арманым,
Алыстап кете алмадым.
Ай ма едің, қалқам күн бе едің?
Көзіме түспей жүр ме едің?
Өзіңмен келген сезімнің,
Күрмеуін шеше білмедім.
Арайлы ару таң ба едің?
Жүрегі жұмбақ жан ба едің?
Мен жүрген мынау өмірде,
Бұрынан, жаным, бар ма едің?
Жанарың жанға жайлы еді.
Жайдары, жарқын қарауың,
Аймалап өтті жай мені.
Ұқсаң ғой сонда күйімді,
Жаныма шуақ құйылды.
Бағасын тілім айта алмас,
Бір бақыт маған бұйырды.
Жайраңдап жүзің жайнадың,
Сезіммен неге ойнадың.
Өмірдің нағыз асылы,
Өзің деп сонда ойладым.
Қарай да қарай қанбадым,
Есімнен солай танғаным.
Алдымнан шыққан арманым,
Алыстап кете алмадым.
Ай ма едің, қалқам күн бе едің?
Көзіме түспей жүр ме едің?
Өзіңмен келген сезімнің,
Күрмеуін шеше білмедім.
Арайлы ару таң ба едің?
Жүрегі жұмбақ жан ба едің?
Мен жүрген мынау өмірде,
Бұрынан, жаным, бар ма едің?