Жақсы жар

Махаббат туралы

Жұмыстан шаршап келгенде, Алдыңнан күліп шықса ол. Аузыңды аша бергенде, Көкейіңдегіні ұқса ол. Мақұлдап дәйім сөзіңді,...

Жұмыстан шаршап келгенде,
Алдыңнан күліп шықса ол.
Аузыңды аша бергенде,
Көкейіңдегіні ұқса ол.

Мақұлдап дәйім сөзіңді,
Ісіңді жақтап отырса.
Өзге әйелдерге өзіңді,
Көзіңше мақтап отырса.

Өкпелемесе бұртиып,
Артықтау айтсаң қызғанда.
Қабағын жүрмей кіл түйіп,
Қызғанбаса қыздан да.

Артықтау ішсең, таңертең,
Басыңды жазса ол тағы.
Осындай болса жан еркең,
Әйелдің асыл, сұлтаны.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Махаббат туралы
Күні 31.05.2026