Құралай

Махаббат туралы

Құлап келе жатқанда құба белден, Құралайды көздеді құла мерген. Құла мерген құлатса құралайды, Айтшы, досым сен соны күн...

Құлап келе жатқанда құба белден,
Құралайды көздеді құла мерген.
Құла мерген құлатса құралайды,
Айтшы, досым сен соны күнә дер ме ең?

Түсініксіз болды өзі бұл кісіге,
Қайта-қайта жалтақтап түр-түсіне.
Құла мерген атпап ед құралайды,
Ілінсе де мылтықтың дүрбісіне.

Құралай-қыз кездесті құба белден,
Мен едім ғой атпаған құла мерген.
Құла мерген қимаған сол құралай,
Құба белден бәрібір құлап өлген.
Бармақ тістеп сонда бір жылап ем мен.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Махаббат туралы
Күні 31.05.2026