Жаңаөзен – қазақ қаласы,
Өртке айналған шаласы.
Жаңаөзендегі оқиға –
Ашынған көптің наласы.
Қуанып хан мен қарашы,
Жайлауда жүрген жағасы.
Тәуелсіз болған күнімнің,
Бір тиын ба еді бағасы?
Дүрлігіп кеткен даласы,
Алаңдап қалған Алашы.
Айтуға ауыр бұл істің,
Табылар ма екен шарасы?
Аңырап қалған анасы,
Боздаумен жүрген баласы,
Оққа ұшқан әрбір қазағым,
Көзімнің ақ пен қарасы.
Ынтымақ сүйген бабасы,
Бүлінді қазақ арасы.
Бірлікті қайта бүтіндер,
Қаяқта елдің ағасы?
Жаңаөзен – жанның жарасы,
Жаңаөзен – көңіл наласы.
Біріңді бірің атпаңдар,
Қайран, қазақтың баласы.
Өртке айналған шаласы.
Жаңаөзендегі оқиға –
Ашынған көптің наласы.
Қуанып хан мен қарашы,
Жайлауда жүрген жағасы.
Тәуелсіз болған күнімнің,
Бір тиын ба еді бағасы?
Дүрлігіп кеткен даласы,
Алаңдап қалған Алашы.
Айтуға ауыр бұл істің,
Табылар ма екен шарасы?
Аңырап қалған анасы,
Боздаумен жүрген баласы,
Оққа ұшқан әрбір қазағым,
Көзімнің ақ пен қарасы.
Ынтымақ сүйген бабасы,
Бүлінді қазақ арасы.
Бірлікті қайта бүтіндер,
Қаяқта елдің ағасы?
Жаңаөзен – жанның жарасы,
Жаңаөзен – көңіл наласы.
Біріңді бірің атпаңдар,
Қайран, қазақтың баласы.