Киіп алып қап-қара көзілдірік,
Өзіңді іліп,
Болмашы сөзіңді іліп,
Өңмеңдеген өзінше өңшең қулар,
Кемсітуді жүреді сезіндіріп.
Жөнін біліп,
Сөйлесе сөзін біліп,
Ырзасың ғой жүрсе егер өзін біліп.
Ойнайды олар жүйкеңде әдейілеп,
Майда сөздің майын кеп езілдіріп.
Мұндай жандар кер мінез, кежір қылық,
Жібереді өмірден безіндіріп.
Шыдам кетіп,
Сондайда төзім құрып,
Түршігесің сұп-суық сезім кіріп.
Жер қылғанда өзіңді, сөзіңді ұлық,
Жүйкеңді жеп,
Өзіңнен өзің құрып,
Төзімділік,
Қажет деп төзімділік,
Ішің ұлып,
Тұрасың көзің күліп.
Өзіңді іліп,
Болмашы сөзіңді іліп,
Өңмеңдеген өзінше өңшең қулар,
Кемсітуді жүреді сезіндіріп.
Жөнін біліп,
Сөйлесе сөзін біліп,
Ырзасың ғой жүрсе егер өзін біліп.
Ойнайды олар жүйкеңде әдейілеп,
Майда сөздің майын кеп езілдіріп.
Мұндай жандар кер мінез, кежір қылық,
Жібереді өмірден безіндіріп.
Шыдам кетіп,
Сондайда төзім құрып,
Түршігесің сұп-суық сезім кіріп.
Жер қылғанда өзіңді, сөзіңді ұлық,
Жүйкеңді жеп,
Өзіңнен өзің құрып,
Төзімділік,
Қажет деп төзімділік,
Ішің ұлып,
Тұрасың көзің күліп.