Сан қырлы тірлік

Өмір туралы

Тіршілік қазір сан қырлы, Талайды естен тандырды. Нарық қолтаңбасын қалдырды, Бай ұятын ұрыға алдырды, Жарлы жұмыс іздеп...

Тіршілік қазір сан қырлы,
Талайды естен тандырды.
Нарық қолтаңбасын қалдырды,
Бай ұятын ұрыға алдырды,
Жарлы жұмыс іздеп қаңғырды.

Жақта, жақтама заманды,
Намыс түрмеге қамалды.
Ақыл ақымақ саналды,
Қарын биледі санаңды,
Ақша биледі адамды.

Басың бәйгеге тігілді,
Жақсы жаманға сүрінді,
Әділет параға бүгілді,
Арсыз айлаға жүгінді,
Адал тірліктен түңілді.

Тілің тірегінен айырылды,
Ділің жүрегінен айырылды,
Салттың қанаты қайырылды,
Береке белінен майырылды,
Халық бірлікті қайғырды.

Билік басын ойлап кетті,
Кедей асын ойлап кетті,
Бай асыра тойлап кетті,
Қайда барсаң да жылтырақ,
Саясат жасыны ойнап кетті.

Түгелденгеннен тоналғаны көп,
Тірлік сірә оңалғаны жоқ.
Тек адам атымыз жоғалғаны жоқ,
Жарлы бай болғысы келгенмен,

Бай құдай болғысы келгенмен,
Ешқайсысы да бола алғаны жоқ.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026