Жыл келеді,
Жарқын бір жыл келеді.
Жыл келеді,
Жарықтық нұр береді.
Сыр береді,
Жасампаз жыр береді.
Көркейеді, дүние гүлденеді.
Кел, кел, Жылым,
Кел, Жылым – кереметтім.
Сағындым мен өзіңді керек еттім.
Керегі не мұндайда көне кептің,
Жақсылықтар әкеліп бере кеткін.
Кел, кел, Жылым.
Кел, Жылым – арайлы ару.
Алаңдадым, жолыңа қарайладым.
Сан арманым, бар менің сан ойларым.
Осыларды іске асыр, жарай ма, Жыл?!
Кел, кел, Жылым,
Кел Жылым – келісті жыл.
Адамдарды бақытты ет тегіс бүгін.
Жырға айналып шырқалсын келісті үнім,
Көрмейік біз өмірдің кемістігін.
Кел, кел, Жылым,
Кел Жылым – дара жылым.
Жаңа жылым, жарықтық жаңа күнім.
Көптен бері естілмей барады үнім.
Шарықтасын тағы да жаңа жырым.
Кел, кел, Жылым,
Кел, Жылым – кел ырысым.
Көптің күткен үміті, сенімісің.
Береке, бақ ала кел менің үшін,
Бейбіт жыл боп келе бер елім үшін!
Жарқын бір жыл келеді.
Жыл келеді,
Жарықтық нұр береді.
Сыр береді,
Жасампаз жыр береді.
Көркейеді, дүние гүлденеді.
Кел, кел, Жылым,
Кел, Жылым – кереметтім.
Сағындым мен өзіңді керек еттім.
Керегі не мұндайда көне кептің,
Жақсылықтар әкеліп бере кеткін.
Кел, кел, Жылым.
Кел, Жылым – арайлы ару.
Алаңдадым, жолыңа қарайладым.
Сан арманым, бар менің сан ойларым.
Осыларды іске асыр, жарай ма, Жыл?!
Кел, кел, Жылым,
Кел Жылым – келісті жыл.
Адамдарды бақытты ет тегіс бүгін.
Жырға айналып шырқалсын келісті үнім,
Көрмейік біз өмірдің кемістігін.
Кел, кел, Жылым,
Кел Жылым – дара жылым.
Жаңа жылым, жарықтық жаңа күнім.
Көптен бері естілмей барады үнім.
Шарықтасын тағы да жаңа жырым.
Кел, кел, Жылым,
Кел, Жылым – кел ырысым.
Көптің күткен үміті, сенімісің.
Береке, бақ ала кел менің үшін,
Бейбіт жыл боп келе бер елім үшін!