Біз өмірде не көрмедік көп көрдік,
Атышулы аштыққа да дөп келдік.
Қауқары жоқ құр быламық жеп көрдік,
Басымыздан қуғын-сүргін өткердік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Ес жиғанда соғыс деген жеткен жұт.
Майдан бардық, жауып тұрған от көрдік,
Сол майданнан мүгедек те боп келдік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Одағыңа астық бердік, ет бердік.
Ысырылып өзгеге орын көп бердік,
Біз осыған міндеттіміз деп келдік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Коммунист те, аттеист те боп көрдік.
Тоқырауды көңлімізге тоқ көрдік,
Коммунизм бір орнайды деп сендік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Туған елде құқығымыз шектелдік.
Дәстүріміз, дінімізден шеттелдік,
Тілді, ділді жоғалтуға бет бердік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Бодандыққа ызаландық, кектендік.
Өздігінше көрсеткен кіл өктемдік,
Орталықтың саясатын жек көрдік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
«Ұлы халық» таптауына көп көндік.
Ел емес ек ар-намысы жоқ дерлік,
Сондықтан да желтоқсанда отқа ендік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Ұрпағымыз ұмтылмастай етті ерлік,
Тәуелсіздік түскені жоқ көктен түк,
Күреспенен, айқаспен жеткен құт.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Бар әлемге таныта алдық текті елдік.
Енді міне ұмыт болып көп қорлық,
Қазағымды мақсатына жеткердік.
Атышулы аштыққа да дөп келдік.
Қауқары жоқ құр быламық жеп көрдік,
Басымыздан қуғын-сүргін өткердік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Ес жиғанда соғыс деген жеткен жұт.
Майдан бардық, жауып тұрған от көрдік,
Сол майданнан мүгедек те боп келдік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Одағыңа астық бердік, ет бердік.
Ысырылып өзгеге орын көп бердік,
Біз осыған міндеттіміз деп келдік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Коммунист те, аттеист те боп көрдік.
Тоқырауды көңлімізге тоқ көрдік,
Коммунизм бір орнайды деп сендік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Туған елде құқығымыз шектелдік.
Дәстүріміз, дінімізден шеттелдік,
Тілді, ділді жоғалтуға бет бердік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Бодандыққа ызаландық, кектендік.
Өздігінше көрсеткен кіл өктемдік,
Орталықтың саясатын жек көрдік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
«Ұлы халық» таптауына көп көндік.
Ел емес ек ар-намысы жоқ дерлік,
Сондықтан да желтоқсанда отқа ендік.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Ұрпағымыз ұмтылмастай етті ерлік,
Тәуелсіздік түскені жоқ көктен түк,
Күреспенен, айқаспен жеткен құт.
Біз өмірде не көрмедік, көп көрдік,
Бар әлемге таныта алдық текті елдік.
Енді міне ұмыт болып көп қорлық,
Қазағымды мақсатына жеткердік.