Шабытты шалқытқан,
Буынды балқытқан,
Жанымды жандырып,
Жалынға шарпытқан.
Сезімді ұрлаған,
Сөзімді тыңдаған,
Төзімді шыңдаған,
Өртемей тынбаған.
Гүлдей боп жайнаған,
Көзімді байлаған,
Қамымды ойлаған,
Қайрақ боп қайраған.
Бабымды табатын,
Бағынтып алатын,
Жүйкемді жұлқылап,
Жүйеге салатын.
Жібектей есілген,
Баламды өсірген,
Кінәмды кешірген,
Тандырған есімнен.
Қасыма еретін,
Еркелеп жеңетін,
Сырымды сенетін,
Сыйымды беретін.
Серігім сен екен,
Мойындау жөн екен.
Жанымда сен жүрсең,
Терезем тең екен.
Дүние кең екен,
Бақытым, берекем,
Шаттығым, мерекем,
Бәрі де сен екен.
Буынды балқытқан,
Жанымды жандырып,
Жалынға шарпытқан.
Сезімді ұрлаған,
Сөзімді тыңдаған,
Төзімді шыңдаған,
Өртемей тынбаған.
Гүлдей боп жайнаған,
Көзімді байлаған,
Қамымды ойлаған,
Қайрақ боп қайраған.
Бабымды табатын,
Бағынтып алатын,
Жүйкемді жұлқылап,
Жүйеге салатын.
Жібектей есілген,
Баламды өсірген,
Кінәмды кешірген,
Тандырған есімнен.
Қасыма еретін,
Еркелеп жеңетін,
Сырымды сенетін,
Сыйымды беретін.
Серігім сен екен,
Мойындау жөн екен.
Жанымда сен жүрсең,
Терезем тең екен.
Дүние кең екен,
Бақытым, берекем,
Шаттығым, мерекем,
Бәрі де сен екен.