Кештеу қалып, жұмыстан шаршап келем,
Сергітетін бір сезім аңсап келем.
Шаршауымнан бір сәтте сейілемін,
Күлім қағып тұрсаң сен қарсы ап кілең.
Қысқы аязда сырттан тоңып келем,
Қайтып тысқа шықпастай болып келем.
Жалғыз ауыз жылы сөз айтсаң жетер,
Отқа қойған қардай-ақ еріп берем.
Кейде-кейде қарыным ашып келем,
Қабақ түйіп, берекем қашып келем.
Пейіліңе білдірген тоямын да,
Көл суындай толысып, тасып берем.
Жұрт секілді мендағы ауырамын,
Болады ғой ондайда ауыр халім.
Ащы дәрі сен берсең бал татиды,
Сол дәріңнен ұзамай сауығамын.
Кіл сүйеніп, мен өмір сүріп келем,
Серігің боп жаныңда жүріп келем.
Көңіл сандық болса егер құлыптаулы,
Құлып менен болғанда кілт сенен,
Сол сандықты ашасың кілтпенен.
Сергітетін бір сезім аңсап келем.
Шаршауымнан бір сәтте сейілемін,
Күлім қағып тұрсаң сен қарсы ап кілең.
Қысқы аязда сырттан тоңып келем,
Қайтып тысқа шықпастай болып келем.
Жалғыз ауыз жылы сөз айтсаң жетер,
Отқа қойған қардай-ақ еріп берем.
Кейде-кейде қарыным ашып келем,
Қабақ түйіп, берекем қашып келем.
Пейіліңе білдірген тоямын да,
Көл суындай толысып, тасып берем.
Жұрт секілді мендағы ауырамын,
Болады ғой ондайда ауыр халім.
Ащы дәрі сен берсең бал татиды,
Сол дәріңнен ұзамай сауығамын.
Кіл сүйеніп, мен өмір сүріп келем,
Серігің боп жаныңда жүріп келем.
Көңіл сандық болса егер құлыптаулы,
Құлып менен болғанда кілт сенен,
Сол сандықты ашасың кілтпенен.