Анашым, қызық мінезің,
Сыйладың өмір бұл өзің.
Қонбасын бізге шыбын деп,
Шыр-пыр боп жүрсің шын өзің.
Алдымнан күліп шығасың,
Айтпай-ақ жанды ұғасың.
Азамат болып кетсек те,
«Балапаным» деп тұрасың.
Бойыма қуат құйғансың,
Ойыма шуақ құйғансың.
Тірліктің барлық асылын,
Біз үшін түгел қиғансың.
Бәрінен жұрттың данасың,
Бәрінен жұрттың дарасың.
Өсіріп бізді ертерек,
Қартайып өзің барасың.
Өмірдің ауыр жүгіне,
Бүгіле көрме, бүгіле.
Өзіңсіз бізге шын ауыр,
Өзгенің кетпес түгі де.
Анажан, ана, жан ана!
Қамқоршы сенсің балаңа.
Өзіңдей ме екен бар ана,
Аман бол, ана, жан ана!
Сыйладың өмір бұл өзің.
Қонбасын бізге шыбын деп,
Шыр-пыр боп жүрсің шын өзің.
Алдымнан күліп шығасың,
Айтпай-ақ жанды ұғасың.
Азамат болып кетсек те,
«Балапаным» деп тұрасың.
Бойыма қуат құйғансың,
Ойыма шуақ құйғансың.
Тірліктің барлық асылын,
Біз үшін түгел қиғансың.
Бәрінен жұрттың данасың,
Бәрінен жұрттың дарасың.
Өсіріп бізді ертерек,
Қартайып өзің барасың.
Өмірдің ауыр жүгіне,
Бүгіле көрме, бүгіле.
Өзіңсіз бізге шын ауыр,
Өзгенің кетпес түгі де.
Анажан, ана, жан ана!
Қамқоршы сенсің балаңа.
Өзіңдей ме екен бар ана,
Аман бол, ана, жан ана!