Ұстатып қаламымды,
Ұштадың талабымды.
Ұстазым ұмытпаймын,
Жымиған жанарыңды.
Жол салған сана тыңға,
Данышпан дара тұлға.
Қияға шарықтаттың,
Білімнің қанатында.
Бойында нұр өмірдің,
Ұшырған түлегіңмін.
Жүресің мұғалімім,
Төрінде жүрегімнің.
Лебізің жылылықтың,
Лебі деп ұғыныппын.
Үлгісі өзің ғана,
Ұлағат ұлылықтың.
Елімнің баласын бар,
Байлап бақ табасыңдар.
Шырақ боп жанасыңдар,
Шуақ боп қаласыңдар.
Ұштадың талабымды.
Ұстазым ұмытпаймын,
Жымиған жанарыңды.
Жол салған сана тыңға,
Данышпан дара тұлға.
Қияға шарықтаттың,
Білімнің қанатында.
Бойында нұр өмірдің,
Ұшырған түлегіңмін.
Жүресің мұғалімім,
Төрінде жүрегімнің.
Лебізің жылылықтың,
Лебі деп ұғыныппын.
Үлгісі өзің ғана,
Ұлағат ұлылықтың.
Елімнің баласын бар,
Байлап бақ табасыңдар.
Шырақ боп жанасыңдар,
Шуақ боп қаласыңдар.