Бар адам қолыңды алып, бас иетін,
Халқымның бірге шеккен қасіретін.
Ассалаумаәлейкум, аталарым!
Қарттарым – қадірменім, қасиетім!
Қарттарым, негізіміз сендерсіңдер,
Барыңды бойыңдағы бергенсіңдер,
Бүкпесіз болашаққа сенгенсіңдер,
Өмірге бір-ақ рет келгенсіңдер!
Ескінің көнермеген көзісіңдер,
Елімнің ақыл, нақыл сөзісіңдер.
Аздаған алшақтық бар жастарыңда,
Аумаған бабалардың өзісіңдер.
Бүгіннің салиқалы қартысыңдар,
Білгенге баяғының артысыңдар,
Тапсырар аман әкеп ұрпағына,
Халқымның асыл-мұра салтысыңдар!
Арқанның тарқатылмас тінісіңдер,
Тірліктің шуақ берген күнісіңдер,
Әр үйдің пайғамбары, пірісіңдер,
Не деген ұлысыңдар, ірісіңдер!
Бас тартып бас-басыңа бата аламын!
Сөзіңнен бойға қуат от аламын,
Өзіңмен бақытты ұрпақ атанамын,
Асылым, асқар тауым – аталарым!
Әрқашан қабыл болғай баталарың!
Халқымның бірге шеккен қасіретін.
Ассалаумаәлейкум, аталарым!
Қарттарым – қадірменім, қасиетім!
Қарттарым, негізіміз сендерсіңдер,
Барыңды бойыңдағы бергенсіңдер,
Бүкпесіз болашаққа сенгенсіңдер,
Өмірге бір-ақ рет келгенсіңдер!
Ескінің көнермеген көзісіңдер,
Елімнің ақыл, нақыл сөзісіңдер.
Аздаған алшақтық бар жастарыңда,
Аумаған бабалардың өзісіңдер.
Бүгіннің салиқалы қартысыңдар,
Білгенге баяғының артысыңдар,
Тапсырар аман әкеп ұрпағына,
Халқымның асыл-мұра салтысыңдар!
Арқанның тарқатылмас тінісіңдер,
Тірліктің шуақ берген күнісіңдер,
Әр үйдің пайғамбары, пірісіңдер,
Не деген ұлысыңдар, ірісіңдер!
Бас тартып бас-басыңа бата аламын!
Сөзіңнен бойға қуат от аламын,
Өзіңмен бақытты ұрпақ атанамын,
Асылым, асқар тауым – аталарым!
Әрқашан қабыл болғай баталарың!