Жан аға

Ата-аналар

Жетелеп биік-биік белестерге, Ақылға сусындатқан кеңескенде. Аялап азаматтық жолын сілтеп, Артымнан қарап қалған мен өск...

Жетелеп биік-биік белестерге,
Ақылға сусындатқан кеңескенде.
Аялап азаматтық жолын сілтеп,
Артымнан қарап қалған мен өскенде.

Жаралған күлкің күннен, жаның нұрдан,
Аңқылдақ ақ пейілің сағындырған.
Ардақтым өзің ғана асыл аға,
Асқар тау алып шыңды бағындырған.

Бөлмеген бауырлардан бар тағдырын,
Танытар даралығын, дархандығын.
Сыр беріп, ауырсынбай қиналса да,
Өмірдің өзіне көп артар жүгін.

Жол тауып жеңгеміздің жүрегіне,
Болатын ұрпағының тірегі де.
Арды ойлап, азаматтық биігінен,
Мәрт мінез шегінбеген бір елі де.

Даланың қыран ұлы, мұзбалағы,
Көрген жан қызығады, қызғанады.
Бататын өзге емес, елдің қамы,
Жабырқап жаның аздап сыздағаны.

Бас бағып, бастырмаған өр көңілін,
Ерлері өздеріңсің ертегінің.
Жан аға аман жүрші алдымызда,
Інінің көтеретін еркелігін.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Ата-аналар
Күні 31.05.2026