Біздің асыл әкпелер

Ата-аналар

Бауырлармен мақтанар, Бара қалсаң шаттанар, Ағыл-тегіл аңқылдап, Ақ көңілін ақтарар. Жан сүйсінер жайы бар, Дастарханы ...

Бауырлармен мақтанар,
Бара қалсаң шаттанар,
Ағыл-тегіл аңқылдап,
Ақ көңілін ақтарар.

Жан сүйсінер жайы бар,
Дастарханы жайылар.
Мырза пейіл танытып,
Ырза қылып қайырар.

Біздің асыл әкпелер,
Жатырқауды жат көрер.,
Барды баптап бақ көрер,
Жездемізді жетелеп,
Ортамызға ап келер.

Жан шуағын көп төгер,
Жетпесімді жеткерер.
Ойын-тойға от берер,
Ән-биімен өткерер,
Біздің асыл әкпелер.

Қамқор болып қарасар,
Жақын тартып, жанасар.
Жарқылдаған мінезі,
Жақсыларға жарасар.

Құшағында гүл жүрер,
Миығында күн жүрер.
Азаматтың қадірін,
Дәл солардай кім білер?!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Ата-аналар
Күні 31.05.2026