Артымда асқан асу бар,
Алдымда тосқан тосу бар,
Алпыстан өткен жасым бар,
Ағарып кеткен шашым бар,
Ардақты туған асылдар,
Алдыңда иер басым бар.
Бойымда кірбің, кідік бар,
Ойымда құрғыр, күдік бар.
Артымда көшкен жұрт бар,
Алдағы күннен үміт бар.
Жарықтық жайлау, қыр-белдер,
Ойнақ сап талай жүрген жер.
Айтқанмен бәрін түп-түгел,
Түсінер бізді білгендер.
Артымда жылжып жыл қалды,
Айтылмай біраз сыр қалды.
Жаңа дос енді таптырмас,
Жанымды ұғар кім қалды?!
Көңілде шөгіп мұң қалды,
Тақылдап таңдай тіл қалды.
Жалыны өрттей жастықтың,
Сыры кетті, сын қалды.
Қартайдық десек намыс па?
Жоғалтып алған шалыста,
Жігіттік аулы алыста,
Сәлем де, бізден танысқа!
Алдымда тосқан тосу бар,
Алпыстан өткен жасым бар,
Ағарып кеткен шашым бар,
Ардақты туған асылдар,
Алдыңда иер басым бар.
Бойымда кірбің, кідік бар,
Ойымда құрғыр, күдік бар.
Артымда көшкен жұрт бар,
Алдағы күннен үміт бар.
Жарықтық жайлау, қыр-белдер,
Ойнақ сап талай жүрген жер.
Айтқанмен бәрін түп-түгел,
Түсінер бізді білгендер.
Артымда жылжып жыл қалды,
Айтылмай біраз сыр қалды.
Жаңа дос енді таптырмас,
Жанымды ұғар кім қалды?!
Көңілде шөгіп мұң қалды,
Тақылдап таңдай тіл қалды.
Жалыны өрттей жастықтың,
Сыры кетті, сын қалды.
Қартайдық десек намыс па?
Жоғалтып алған шалыста,
Жігіттік аулы алыста,
Сәлем де, бізден танысқа!