Жалған емес, бәрі де жалған емес!
Көңілімде бұғып сыр қалған емес,
Жүрек сені сүйгендей жанған емес,
Ешкім мендей бақытты болған емес.
Жалған емес, бірі де жалған емес!
Есімді алдың, сен менің құшымды алдың,
Ұясынан жүректі ұшырғанмын.
Сүйген адам бақытты деген рас,
Қолымдағы гүлімді ұсынғанмын,
Көңілдегі жырымды ұсынғанмын.
Шыным осы, жұрттан ерек тұрсың дер ем!
Көбелекпін, сен әсем гүлсің дер ем!
Күнбағыспын, мен үшін күнсің дер ем!
Айтпасам айтпап едім тек осыны,
Өйткені, сәулем, ішің білсін деп ем.
Көңілімде бұғып сыр қалған емес,
Жүрек сені сүйгендей жанған емес,
Ешкім мендей бақытты болған емес.
Жалған емес, бірі де жалған емес!
Есімді алдың, сен менің құшымды алдың,
Ұясынан жүректі ұшырғанмын.
Сүйген адам бақытты деген рас,
Қолымдағы гүлімді ұсынғанмын,
Көңілдегі жырымды ұсынғанмын.
Шыным осы, жұрттан ерек тұрсың дер ем!
Көбелекпін, сен әсем гүлсің дер ем!
Күнбағыспын, мен үшін күнсің дер ем!
Айтпасам айтпап едім тек осыны,
Өйткені, сәулем, ішің білсін деп ем.