Соғыс деген сұм жауыз кімді аямақ,
Өрт тұтанса өмірді мұң боямақ.
Адамзаттың бағына ақыл жеңіп,
Алақандар ұстап тұр күнді аялап.
Бейбіт жолмен жатпас па бітіп егес,
Көңіл қалай соғыстан тітіремес.
Сонау соғыс соқпаған үй бар ма еді,
Бірінің де түтіні бүтін емес.
Аз болды ма сәби мен жар мұңы да,
Жұмыр жердің жауапты тағдырына,
Беу, адамдар!
Ойлаңдар, ұғыңдаршы,
Өз қолыңда емес пе барлығы да?
Күлдіру де, күлу де, жылату да,
Өз қолыңда тұрғызу, құлату да.
Зеңбірікпен оқ ату мұратың ба?
Тиісті ғой дүние гүл атуға.
Есі барлар соғысты тілемес те,
Біле білсек орын жоқ түк егеске.
Дегенменен бір нәрсе айдан анық,
Оқ аузында Ана Жер тұр емес пе!
Ауысқан ба адамның есі мүлде,
Неге құмар өз отын өшіруге.
Қалай тыныш ұйықтап жатсың, Адам,
Бомба үстінде тұрғанда бесігің де.
Соғыс деген сұм жауыз кімді аямақ,
Өрт тұтанса өмірді мұң боямақ.
Адамзаттың бағына ақыл жеңіп,
Алақандар ұстап тұр күнді аялап.
Өрт тұтанса өмірді мұң боямақ.
Адамзаттың бағына ақыл жеңіп,
Алақандар ұстап тұр күнді аялап.
Бейбіт жолмен жатпас па бітіп егес,
Көңіл қалай соғыстан тітіремес.
Сонау соғыс соқпаған үй бар ма еді,
Бірінің де түтіні бүтін емес.
Аз болды ма сәби мен жар мұңы да,
Жұмыр жердің жауапты тағдырына,
Беу, адамдар!
Ойлаңдар, ұғыңдаршы,
Өз қолыңда емес пе барлығы да?
Күлдіру де, күлу де, жылату да,
Өз қолыңда тұрғызу, құлату да.
Зеңбірікпен оқ ату мұратың ба?
Тиісті ғой дүние гүл атуға.
Есі барлар соғысты тілемес те,
Біле білсек орын жоқ түк егеске.
Дегенменен бір нәрсе айдан анық,
Оқ аузында Ана Жер тұр емес пе!
Ауысқан ба адамның есі мүлде,
Неге құмар өз отын өшіруге.
Қалай тыныш ұйықтап жатсың, Адам,
Бомба үстінде тұрғанда бесігің де.
Соғыс деген сұм жауыз кімді аямақ,
Өрт тұтанса өмірді мұң боямақ.
Адамзаттың бағына ақыл жеңіп,
Алақандар ұстап тұр күнді аялап.