Қырдан құлап, құлдырап,
Құмды кешкен, Мыңбұлақ.
Аққан суың сылдырап,
Гүл боп өскен Мыңбұлақ.
Кезерген сан еріннің,
Шөлін басқан Мыңбұлақ.
Қамығулы көңілдің,
Кірін ашқан Мыңбұлақ.
Мың бұрала ағатын,
Мың бұрымсың Мыңбұлақ.
Мұңды дала салатын,
Мұңды әнсің Мыңбұлақ.
Жағаңда сан жүгіргем,
Құлын тайдай құлдырап.
Сені көріп жүрегім,
Тұрды жиі ұрғылап.
Кереметпен тілдесіп,
Кеудемдегі бір бұлақ,
Мың бұлақпен үндесіп,
Тұр бұлақтай жыр құрап.
Құмды кешкен, Мыңбұлақ.
Аққан суың сылдырап,
Гүл боп өскен Мыңбұлақ.
Кезерген сан еріннің,
Шөлін басқан Мыңбұлақ.
Қамығулы көңілдің,
Кірін ашқан Мыңбұлақ.
Мың бұрала ағатын,
Мың бұрымсың Мыңбұлақ.
Мұңды дала салатын,
Мұңды әнсің Мыңбұлақ.
Жағаңда сан жүгіргем,
Құлын тайдай құлдырап.
Сені көріп жүрегім,
Тұрды жиі ұрғылап.
Кереметпен тілдесіп,
Кеудемдегі бір бұлақ,
Мың бұлақпен үндесіп,
Тұр бұлақтай жыр құрап.