Балалықтың бал дәмі,
Қашан бізден қалғалы.
Қарттықтың қармағы,
Қапыда кеп қармады.
Тағдырдың біз қаңбағы,
Қайда айдап бармады.
Қу тірлікті қуғанмен,
Құмарымыз қанбады.
Бала қамы, жар қамы,
Небір күйге салмады.
Зымыраған уақыт та,
Аямады, алдады.
Сарбаз едік сандағы,
Айтсақ адам нанбады.
Ауыр қазір денемнің,
Аяғыма салмағы.
Таусылмайтын арманы,
Қобыз көңіл сарнады.
Баяғыны еске алып,
Гөй-гөй тартып зарлады.
Ойдағы үміт алдады,
Бойда жылу қалмады.
Белден қуат кеткен соң,
Белгілі ғой аржағы.
Жанған оттан жандағы,
Тек қоламса қалғаны.
Тілім ғана сол күйі,
Тақылдаудан танбады.
Қашан бізден қалғалы.
Қарттықтың қармағы,
Қапыда кеп қармады.
Тағдырдың біз қаңбағы,
Қайда айдап бармады.
Қу тірлікті қуғанмен,
Құмарымыз қанбады.
Бала қамы, жар қамы,
Небір күйге салмады.
Зымыраған уақыт та,
Аямады, алдады.
Сарбаз едік сандағы,
Айтсақ адам нанбады.
Ауыр қазір денемнің,
Аяғыма салмағы.
Таусылмайтын арманы,
Қобыз көңіл сарнады.
Баяғыны еске алып,
Гөй-гөй тартып зарлады.
Ойдағы үміт алдады,
Бойда жылу қалмады.
Белден қуат кеткен соң,
Белгілі ғой аржағы.
Жанған оттан жандағы,
Тек қоламса қалғаны.
Тілім ғана сол күйі,
Тақылдаудан танбады.