Ар да тозды, намысың да жоғалды,
Адам біткен алғыш, бергіш боп алды.
Материалдық жағын ойлап соларың,
Жиып қойды көнерді деп моральды.
Моралың не, ұмытты жұрт ұятты,
Бермей, алмай серпу қиын тұяқты.
Ісің түссе қолға қарар жаутаңдап,
Ар-намысың өліп қалған сияқты.
Пара деген айықпайтын індет-ті,
Улап алды осы бір дерт тым көпті.
Төлемесең бітірмейді сүйрелеп,
Бітіруге тиісті өзі міндетті.
Ебін тауып, көз қысысып, ымдасып,
Бір-бірінің тамырын ел жүр басып.
Қызмет үшін төлемін тек төлесең,
Кете берер ісің түгел жымдасып.
Бәрімізде бір адамдай мансап бар,
Айлығымен кім қиналмай жан сақтар?
Алар едік біз де оны бірақта,
Қолымызды ұстап тұрған ынсап бар,
Сол ынсапты біз болмасақ кім сақтар?!
Адам біткен алғыш, бергіш боп алды.
Материалдық жағын ойлап соларың,
Жиып қойды көнерді деп моральды.
Моралың не, ұмытты жұрт ұятты,
Бермей, алмай серпу қиын тұяқты.
Ісің түссе қолға қарар жаутаңдап,
Ар-намысың өліп қалған сияқты.
Пара деген айықпайтын індет-ті,
Улап алды осы бір дерт тым көпті.
Төлемесең бітірмейді сүйрелеп,
Бітіруге тиісті өзі міндетті.
Ебін тауып, көз қысысып, ымдасып,
Бір-бірінің тамырын ел жүр басып.
Қызмет үшін төлемін тек төлесең,
Кете берер ісің түгел жымдасып.
Бәрімізде бір адамдай мансап бар,
Айлығымен кім қиналмай жан сақтар?
Алар едік біз де оны бірақта,
Қолымызды ұстап тұрған ынсап бар,
Сол ынсапты біз болмасақ кім сақтар?!