Айнаның алдында,
Батамын бал мұңға.
Ұсамас келбетім,
Баяғы балғынға.
Қандай сыр бар мұнда?
Аунайтын шалғынға,
Жастығым қалдың ба?
Жанарым талдың ба?
Базарға бардым ба?
Бағамды алдым ба?
Жарқырап жандым ба?
Құмарым қандың ба?
Өкпем жоқ тағдырға,
Өмірде бармын ба,
Жаспын ба, шалмын ба,
Ақым жоқ қалғуға.
Бөленсе таң нұрға,
Несібем бар мұнда.
Бақытым алдымда,
Үмітім алдымда,
Барлығы алдымда.
Батамын бал мұңға.
Ұсамас келбетім,
Баяғы балғынға.
Қандай сыр бар мұнда?
Аунайтын шалғынға,
Жастығым қалдың ба?
Жанарым талдың ба?
Базарға бардым ба?
Бағамды алдым ба?
Жарқырап жандым ба?
Құмарым қандың ба?
Өкпем жоқ тағдырға,
Өмірде бармын ба,
Жаспын ба, шалмын ба,
Ақым жоқ қалғуға.
Бөленсе таң нұрға,
Несібем бар мұнда.
Бақытым алдымда,
Үмітім алдымда,
Барлығы алдымда.