Түстей боп бір күні кірдің де,

Өмір туралы

Түстей боп бір күні кірдің де, Түсінсе түстік күн - күнге. Қос тігіп жүрсек бұл күнде, Қос терек мықты, білдің бе?! Жар...

Түстей боп бір күні кірдің де,
Түсінсе түстік күн - күнге.
Қос тігіп жүрсек бұл күнде,
Қос терек мықты, білдің бе?!

Жарқырап, жайнап, жаңғырып,
Қарсы алды бізді таң күліп.
Бір үйдің отын жандырып,
Біргеміз енді мәңгілік.

Жаратқан сені-мені егіз,
Тағдырға солай сенеміз.
Қос өзен ағып келеміз,
Қосыла ән салып келеміз.

Өзіңе жан жоқ теңелер,
Құшағым жайдым ене бер.
Баяным десем сені егер,
Аяулым, солай, сене бер.
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026