Маймыл ма, шын–ақ тегіміз біздің маймыл ма?
Шынына келсек бір сыр бар шығар әй, мұнда.
Күлкіміз мынау адам боп тапқан шаттық та,
Қайғымыз, сірә, маймылдан қалған қайғым ба?
Маймылдан адам болғалы қанша ғасыр ед,
Қанша тер төктік, қанша жолды біз басып ек.
Қанағат, сірә, адам боп тапқан қасиет,
Ашкөздік, сірә, маймылдан қалған қасірет.
Кешегі маймыл адам боп қалай түрленді?
Қалай дегенмен шешусіз жүмбақ бұл да енді.
Ақыл -парасат адам боп тапқан қазынам,
Ақымақтық, сірә, маймылдан қалған бір белгі.
Маймылдан шықсақ шыққан шығармыз, сірә, біз,
Басқадан көрі соған көп ұқсап түрамыз.
Қайырым жасау адам боп тапқан асыл да,
Жыртқыштық, сірә, маймылдан қалған мұрамыз.
Маймыл ма атам, тәңір жан берген лаймын ба?
Шынымды айтсам бұл емес менің қайғым да.
Жыртқыштық басым, ашкөздік басын көтерген,
Кетпесек жарар айналып қайта маймылға.