Алматы түні

Өмір туралы

Аспанынан нұр жауады, Адамынан жыр жауады. Бағдаршамдар - үміт оты, Бір өшеді, бір жанады. Жағалай тал, жағалай гүл, Кө...

Аспанынан нұр жауады,
Адамынан жыр жауады.
Бағдаршамдар - үміт оты,
Бір өшеді, бір жанады.

Жағалай тал, жағалай гүл,
Көшелерін аралай біл.
Көкірегіңді қытықтайтын,
Алатаудың самалы - ай бұл.

Ел көресің ән сап түрған,
Бақыттарын аңсап туған.
Көгінде де, жерінде де,
Жарық жүлдыз самсап тұрған.

Көңіліңнің кілтін басып,
Сыңғыр - сыңғыр күлкі шашып,
Еркін жігіт, ерке қыздар,
Кетеді екен ұйқыңды ашып.
Алматының түні -ай ғажап!
Автор Қайыпназар Шотбасов
Бөлім Өмір туралы
Күні 31.05.2026