Бұл тұскиіз бөлмедегі,
Атамды да көрген еді.
Бетіндегі бедерлері,
Әжем салған өрнек еді.
Туылар деп немере ертең,
Қамымды ерте жеген екен.
Тұскиізді сол перзентке,
Ниет еттім деген екен.
Өңкей өрнек қошқар мүйіз,
Оюланған аппақ киіз.
Әжелерден немереге,
Қалып тұрған осы бір із.
Мода мәнін ұқпайды деп,
Бала-шаға шытынайды тек.
Мен ілдірсем алып тастар,
Киізді ешкім тұтпайды деп.
Көнерген ғой кезегі кеп,
Өмірімнің өзегі деп,
Тұскиізді қайта ілдірем,
«Әжемнің бұл көзі еді» деп.
Атамды да көрген еді.
Бетіндегі бедерлері,
Әжем салған өрнек еді.
Туылар деп немере ертең,
Қамымды ерте жеген екен.
Тұскиізді сол перзентке,
Ниет еттім деген екен.
Өңкей өрнек қошқар мүйіз,
Оюланған аппақ киіз.
Әжелерден немереге,
Қалып тұрған осы бір із.
Мода мәнін ұқпайды деп,
Бала-шаға шытынайды тек.
Мен ілдірсем алып тастар,
Киізді ешкім тұтпайды деп.
Көнерген ғой кезегі кеп,
Өмірімнің өзегі деп,
Тұскиізді қайта ілдірем,
«Әжемнің бұл көзі еді» деп.